«Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 336 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 336 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасында:
1 «Салықтық түсімдер» санатында:
05 «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар» сыныбында:
3 «Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер» кіші сыныбында:
«10 Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем» ерекшелігі алынып тасталсын;
4 «Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар» кіші сыныбында:
«04 Аукциондардан алынатын алым» ерекшелігі алынып тасталсын;
24 «Сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
«24 Сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақы»;
мынадай мазмұндағы 31, 32, 33, 34 және 35-ерекшеліктермен толықтырылсын:
«31 Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізгені және оларды микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізгені үшін алым
32 Банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат беру құжаттарын бергені үшін алым
33 Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым
Демо – версия документа