(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ГАЗ ЖЕЛІСІ ҰЙЫМДАРЫН АККРЕДИТТЕУ» МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕ...
Осы редакция 2019 жылғы 1 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің 2017.28.06. № 221 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 380 бұйрығына
7-қосымша
«Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.13.04. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесi - аккредиттеу туралы куәлік, қайта ресімделген куәлік, уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетінқызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге электрондық тәсілмен берілген қоса тіркелген құжаттары бар өтініші (бұдан әрі - өтініш) мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) аккредиттеу туралы куәлігін беру және қайта ресімдеу кезінде:
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті түскен күні тіркеу;көрсетілетін қызметті беруші басшылығының екі сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама жазуы. Көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) құжаттарды беруі;
Редакция документа
Демо – версия документа