«Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 925 Қаулысы (күші жойылды)
«Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 925 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 1063 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 24, 180-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясына тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау тәртібін белгілейді.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аукциондық баға - аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндіретін электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған баға;
2) биогаз - ашуы немесе газдануы нәтижесінде биомассадан алынатын метан, көміртегі монооксиді және (немесе) сутегі;
3) биомасса - биологиялық органикалық қазбалы емес материалдар;
Документ утратил силу
Демо – версия документа