(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТ...
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 79 қаулысы
Осы редакция 2017 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік мекемелері құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) көрсетілген мемлекеттік мекемелердің құрылтайшылық құжаттарын бекітсін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны жүзеге асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 751 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесі мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департаментінің тергеу изоляторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің тергеу изоляторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің тергеу изоляторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің орталық аппараты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің орталық әскери госпиталі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аймақтық әскери госпиталі.
2010 әскери бөлімі.
Редакция документа
Демо – версия документа