«Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 503 бұйрығы (күші жойылды)
«Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 503 бұйрығы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 308 бұйрығымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12197 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. осы Қағидалардың қолданысы егер баратын елге немесе жөнелтуші елге Қазақстан Республикасының, халықаралық ұйымдардың және оларға қатысты Қазақстан Республикасы осы салада оларды сақтау жөніндегі міндеттемелер қабылдаған жекелеген мемлекеттердің санкциялары салынған жағдайларда қолданылмайды және өнiмнiң транзитiне рұқсат берілмейді.»;
4-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) 1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат - қауіпті жүктердің транзиттік тасымалын автомобиль көлігімен жүзеге асырған кезде.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Уәкілетті орган рұқсат беруден мынадай:
1) өтiнiш берушiнің рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған;
Документ утратил силу
Демо – версия документа