«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 265 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 265 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
04 «Бiлiм беру» функционалдық тобында:
2 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру» функционалдық кіші тобында:
225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
099 «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 108 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«108 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға және Алматы облысының облыстық бюджетіне, Алматы қаласының бюджетіне орта білім беру объектілерін сейсмикалық күшейту үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен берілетін нысаналы даму трансферттерi»;
271 «Облыстың құрылыс басқармасы» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
079 «Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттерi», 082 «Орта білім беру объектілерін сейсмикалық күшейту» және 086 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламалары бойынша:
мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен»;
Демо – версия документа