«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 1188 бұйрығы (2025.01.01. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 1188 бұйрығы
(2025.01.01. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР Қаржы министрінің 2024.16.08. № 552 бұйрығымен күші жойылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында:
287-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты дайындау және орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ веб-сайттарда, оның ішінде халықаралық ақпараттық ұйымдарда орналастырылған ақпаратты беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, әртүрлі магниттік жеткізгіштермен басылған дыбысталған кітаптарды, рельефті-нүктелік қаріппен басылған кітаптарды, көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге арналған тифлоқұралдарды сатып алу;»;
297-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«297-6. Тапсырысты әлеуетті өнім беруші хабарлама жіберілген сәттен бастап үш сағат ішінде жұмыс күндері жұмыс уақытында (Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09.00-ден 18:00-ге дейін) растайды. Егер тапсырысты растау туралы хабарлама Астана уақытымен сағат 15:00-ден кейін жіберілсе, сағатты есептеу сағат 18:00-де тоқтайды. Тапсырысты растау үшін қалған уақыт келесі жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09:00-ден бастап қайта басталады.»;
Демо – версия документа