«Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге мұнай берушілердің кол жеткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 475 бұйрығы
«Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге мұнай берушілердің кол жеткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 475 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге мұнай берушілердің кол жеткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10389 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге мұнай берушілердің кол жеткізу қағидаларына:
1 және 2 тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеуге мұнай берушілердің қол жеткізу және (немесе) өнімдерді қайта өңдеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 18-тармағына сәйкес әзірленді және шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеуге мұнай берушілердің қол жеткізу тәртібін және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) қуаты аз мұнай өнімдерін өндіруші - жобалық қуаты жылына сегіз жүз мың тоннадан кем шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу көлемін көздейтін технологиялық қондырғыларда мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өндіруші;
Демо – версия документа