(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ...
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 және «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 4 маусымдағы № 323 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № 522 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» АҚ) жарғысында:
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Жылдың қорытындысы бойынша жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді Жалғыз акционер қабылдайды.
Жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер Жалғыз акционер дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған кезде белгілеген мерзімде төленеді.
Бұл ретте Жалғыз акционердің шешімі бойынша жай акциялар бойынша дивидендтерді Жалғыз акционердің дивидендтер төлеу туралы шешімінде белгіленген мерзімдерде және мөлшерде жартыжылдықтың қорытындысы бойынша төлеуге жол беріледі.
Осы тармақта көрсетілген дивидендтерді төлеу Қордың тиісті кезеңдегі қаржылық есептілігіне аудит жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады.»;
Редакция документа
Демо – версия документа