«Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 361 бұйрығы
«Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 361 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17561 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Бюджеттік қаражат есебінен төлеуге адвокаттар көрсететін заң көмегінің келесі түрлері жатады:
1) Заңның 26-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға құқықтық консультация беру;
2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 67-бабының үшінші бөлігінде, 68-бабының төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде, 76-бабының екінші бөлігінде, 174-бабының екінші бөлігінде, 428-бабының төртінші бөлігінде, 478-бабының алтыншы бөлігінде, 495-бабында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларды қорғау мен өкілдік ету;
Демо – версия документа