(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АУРУҒА ШАЛДЫҒУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗАНЫ ОДАН ӘРІ ӨТЕУДЕН...
Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 ж. 11 сәуірдегі № 7 нормативтік қаулысы
(2011.21.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Соттардың сотталған адамды ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату туралы заңды қолдану практикасының қорытындыларын талқылай келіп, оны дұрыс қалыптастыру мақсатында жалпы отырыс қаулы етеді:
1. Соттарға адамды ауруға шалдығуына байланысты оны жазасын одан әрі өтеуден босату Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (әрі қарай - ҚК) 73-бабында көрсетілген жағдайларда:
- жазасын өтеу кезінде өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну не оған ие болу мүмкіндігінен айыратын психикасының бұзылуы пайда болған;
- жазаны өтеуге кедергі жасайтын өзге де ауыр науқасқа ұшыраған жағдайларда мүмкін екені түсіндірілсін.
2. Психикасы бұзылған адам қылмыстың ауырлығына, жазаның түрі мен оның өтелу мерзіміне және адамның түзелуіне қарамастан жазаны өтеуден міндетті түрде босатылуға жатады.
Жазадан босатылған психикасы бұзылған адамға ҚК-нің 88-бабы 1-бөлігінің «б» тармағына сай осы кодекстің 90-бабында көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалуы мүмкін.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының бұзылуы бұл адамдардың өзге елеулі зиян келтіру мүмкіндігіне не өзіне немесе басқа адамдарға қауіп төндіруіне байланысты жағдайларда ғана тағайындалады.
Сот мәжбүрлеу шараларының түрлерін, жазасын өтеу кезінде психикасы бұзылып, ауруға шалдыққан адамның психикалық бұзылуының сипаты мен мөлшерін, психикасының бұзылуының қоғамға қауіптілік дәрежесін, оның өзге де елеулі зиян келтіру мүмкіндіктерін, оның емделуді қажет етуін ескере отырып, дәрігер-психиатрдың қорытындысының негізінде таңдап алады.
ҚР Жоғарғы сотының 2011.21.04. № 1 Нормативтік қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа