«Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 168 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 262 бұйрығы
«Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 168 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 262 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 168 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28138 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үй жануарларын күтіп-бағу мен серуендетудің үлгілік қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) жануардың иесі - жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;
2) жауапты адам - жануар иесінің осы Заңда белгіленген құқықтары мен міндеттерін жануар иесінің жазбаша тапсырмасы бойынша өзіне алатын адам;
3) иттерге арналған үйрету алаңы - иттерді үйрету үшін арнайы бөлінген, жаттығуға арналған арнаулы құралдармен жабдықталған қоршалған аумақ;
4) үй жануарлары (компаньон жануарлар) (бұдан әрі - үй жануарлары) - қай түрге жататынына қарамастан, адам эстетикалық қажеттіліктері мен қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дәстүрлі түрде асырайтын және өсіретін жануарлар;
5) үй жануарларын серуендету - жануар иесінің және (немесе) жауапты адамның жануарды ұстау орнының шегінен тыс жерге шығаруды көздейтін және жануардың қозғалыс белсенділігіне, табиғи қажеттіліктерін атқаруға деген физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекеттері;
Демо – версия документа