(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ТУРАЛЫ 2014 ЖЫЛҒЫ 29 МА...
Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа
Қырғыз Республикасының қосылуы туралы
шарт
(Мәскеу қ., 2014 жылғы 23 желтоқсанда)
Осы редакция 2018 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 2015 жылғы 2 тамыздағы № 346-V Заңымен ратификацияланды
2015 жылғы 12 тамызда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы бір тараптан және Қырғыз Республикасы екінші тараптан,
Тараптарды және олардың халқын байланыстыратын достық қатынастарды және олардың гүлденуін қамтамасыз етуге ұмтылатынын,
әлеуметтік прогресс мен халықтардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында барынша тығыз интеграцияның дамуына жаңа серпін беруге, Тараптар экономикасының жақындасуына батылдыққа толы талпынысын,
еуразиялық интеграциялық процесті дамытудағы өз мүдделерін растай отырып,
Қырғыз Республикасының еуразиялық интеграциялық процеске қатысуы туралы Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасы басшыларының 2014 жылғы 29 мамырдағы және 2014 жылғы 10 қазандағы өтініштерін басшылыққа ала отырып,
Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа өзгерістер енгізуді көздейтін Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шартқа 2014 жылғы 10 қазанда қол қоюды назарға ала отырып,
халықаралық шарттар, солардың негізінде Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру жүзеге асырылғанын ескере отырып, 2014 жылғы
29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың негізі бола отырып, көрсетілген халықаралық шарттарда көзделген міндеттемелерді орындауға Қырғыз Республикасының әзірлігін белгілей отырып, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке Қырғыз Республикасының қосылуы бойынша қажетті іс-шараларды Қырғыз Республикасының орындауы жөніндегі жұмыстың барысын ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Редакция документа
Демо – версия документа