«Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 10 тамыздағы № 99 бұйрығы
«Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 10 тамыздағы № 99 бұйрығы
Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу тәртібін жетілдіру, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 санымен тіркелген, 2014 жылғы 21 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидада келесі ұғымдар қолданылады:
1) ақпаратты есепке алу кітабы (бұдан әрі - АЕК) - сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР ҚПК) 180-бабының бірінші бөлігінде аталған себептерді қоса қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат енетін автоматтандырылған ақпараттық деректер базасы;
2) қайта жасалған арыз және хабар - бір реттен аса сол бір қылмыстық құқық бұзушылық бойынша бірнеше рет жүгіну;
Демо – версия документа