(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТАУ-КЕН ЖӘНЕ ХИМИЯ ӨНДIРIСТЕРIН ПАЙДАЛАНУ ҚЫЗМЕТІН ...
Осы редакция 2018 жылғы 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 563 бұйрығына
2-қосымша
«Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану қызметін жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
«Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану қызметін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану қызметін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
«электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру - 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу - 3 (үш) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті алушыны бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу - 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру - 2 (екi) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
Редакция документа
Демо – версия документа