«Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 507 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022 жылғы 11 мамырдағы № 150 бұйрығы
«Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 507 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022 жылғы 11 мамырдағы № 150 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 507 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17233 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы көрсетілген бұйрықпен бекітілген:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының азаматтарын мәртебе алу үшін аттестаттау:
1) құтқарушы олар өткеннен кейін өткізіледі:
«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысанындағы медициналық анықтамамен расталған медициналық куәландыру (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық);
«Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын дайындау бойынша бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10772 болып тіркелген) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын дайындау бағдарламасы бойынша дайындау;
Демо – версия документа