(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДІНИ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР...
Діни саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 22 мамырдағы № 190 бұйрығы
(2017.17.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2)-тармақшасына, сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті.
2. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 18 наурыздағы № 11 «Діни саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9340 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 11 мамырда жарияланған);
Редакция документа
Демо – версия документа