Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 101 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 101 бұйрығы

 

ҚР Әділет министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 184 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4625 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылы 11 шілдеде № 104 (1307) және Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың актілер жинағында, 2007 жылғы, сәуір-мамырда жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі Нұсқаулықта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарының (бұдан әрі - тіркеуші органдар) Қазақстан Республикасы аумағында құрылатын, қайта ұйымдастырылатын, қайта тіркелетін, таратылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, қайта тіркеу, есептік тіркеуден шығару жөніндегі қызметін нақтылайды.»;

4-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, сонымен қатар, саяси партияларды, шетел және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу, қайта тіркеу және таратуды тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жүзеге асырады.»;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку