Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛIККЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ (АУЫРТПАЛЫҚТАРДЫ) МЕ...

Осы редакция 2018 жылғы 5 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Әділет Министрінің 2016.27.01. № 41 бұйрығымен мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 246 бұйрығына 1-қосымша

 

 

«Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

(2017.24.08. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

ҚР Әділет министрінің 2016.31.10. № 949 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалығы) мемлекеттік тіркеу» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) Қазақстан Респубикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлкі объектісінің тіркелген жері бойынша;

2) «электрондық үкіметтің» www.е.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.

 

 

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

 

ҚР Әділет министрінің 2016.27.05. № 363 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.27.04. № 490 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Әділет министрінің 2017.24.08. № 1057 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезінде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку