«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 62 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 605 бұйрығы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 62 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 605 бұйрығы
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 17 қарашадағы № 803/НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9808 болып тіркелген, газетіне 2014 жылғы 22 қазандағы № 206 (27827) «Казахстанская правда» газетіне жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесіне:
13-тармақ жана редакцияда жазылсын:
«13. Міндеті: байланыс, пошта саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, байланыс, пошта саласындағы қызметтерді ұсынатын немесе оларды пайдаланатын адамдардың қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу;
Функциялары:
1) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөлу және пайдалану;
2) радиожиілік спектрін жоспарлау және тиімді пайдалану;
3) байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Документ утратил силу
Демо – версия документа