(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЭРОТҮСIРIЛIМ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДІ ТIРКЕУ, ЕСЕПКЕ А...
Осы редакция 2019 жылғы 17 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 357 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.09.11. № 468 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргізуді тiркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.09.11. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.13.11. № 693 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.09.11. № 468 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. «Аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргізуді тiркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген) «Аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргізуді тiркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт) аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.09.11. № 468 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа