Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік қызметтің көрсету ережесі (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына 2-қосымша) (2025.21.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2020 жылғы 29 мамырдағы

№ 66 бұйрығына 2-қосымша

 

 

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу»

 мемлекеттік қызметтің көрсету ережесі

(2025.21.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сәйкес әзірленді және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет).

ҚР Әділет министрінің 2025.16.01. № 34 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, мемлекеттік қайта тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Комитет) және аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.

Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

ҚР Әділет министрінің 2021.12.10. № 884 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.16.01. № 34 бұйрығымен (2025 ж. 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции