(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМЫНЫҢ ЖӘНЕ САҚТАНД...
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 75 Қаулысы
(2019.27.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.29.10. № 246 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.29.10. № 246 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.27.12. № 259 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторлар белгіленсін:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің төмендеуі;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативінің төмендеуі;
3) сақтандыру резервтерін өтеу үшін өтімділігі жоғары активтердің жеткіліксіз болуы;
4) талап етілетін капитал сомасының валюталық тәуекелді өтеу үшін жеткілікті болуы;
Редакция документа
Демо – версия документа