«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 443 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 443 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:
13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында, сондай-ақ тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым саласында халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;»;
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2), 2-3), 2-4), 2-5), 2-6) және 2-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік әріптестердің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру проблемаларын шешуге қатысуын қамтамасыз ету және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға үш жылға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту;
2-2) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерлерін бекіту;
Демо – версия документа