(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ КЕЙБІР БҰ...
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 485 бұйрығы
Осы редакция 2019 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4625 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында жарияланған, 2007 ж., наурыз-сәуір) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықта:
4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет органдары (тіркеуші орган) жүзеге асырады.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Құжаттар тізбесі ұсынылғаннан кейін тіркеуші орган:
1) ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын және олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дұрыс толтырылғандығын тексереді;
2) құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келген жағдайда, қазақ және орыс тілдерінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрық шығарады (заңды тұлғаның құжаттарын қараған, тіркеуші органның маманы бұйрықтың жобасын 3 данада, қазақ және орыс тілдерінде дайындайды және оған сол маман, сондай-ақ тіркеу бөлімінің бастығы бұрыштама қояды, содан кейін тіркеуші органның басшысына немесе оның орынбасарына қол қоюға ұсынылады);
3) Ұлттық тізілімге заңды тұлға туралы мәліметтер енгізеді;
Редакция документа
Демо – версия документа