«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 1054 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 1054 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласында орналасатын «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» және Талдықорған қаласында орналасатын «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Күзет және қадағалау бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің күзет бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер - аумақтық органдардың және оның ведомстволарының тізбесінде:
«2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті» деген бөлімде:
Демо – версия документа