«Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметтің көрсету ережесі (2025.21.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 66 бұйрығына 5-қосымша
«Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның,
олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызметтің көрсету ережесі
(2025.21.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сәйкес әзірленді және «Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет).
ҚР Әділет министрінің 2025.16.01. № 34 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығаруды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Комитет) және аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығаруды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
ҚР Әділет министрінің 2021.12.10. № 884 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.16.01. № 34 бұйрығымен (2025 ж. 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
Демо – версия документа