(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕМЛЕКЕТТІК ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ...
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.07.04. № 117 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 7-1/559 бұйрығына
1-қосымша
Осы редакция 2021 жылғы 9 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы
ереже
(2020.07.04. берілген өзгерістермен)
1. Осы Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнiндегi негiзгi мәселелердi регламенттейдi.
2. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі -ведомство) - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкілетті органның бөлімшесі;
2) ведомствоның аумақтық бөлімшелері - ведомствоның тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (облыс, аудан, облыстық немесе республикалық маңызы бар қала, астана) орналасқан аумақтық бөлімшелері.
3. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың негiзгi мақсаттары:
1) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу;
2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзуды болдырмау, анықтау, жолын кесу және жою.
Редакция документа
Демо – версия документа