«Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 506 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 506 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасында:
1-тармақың төртінші - жетінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді
1 «Салықтық түсімдер» санатында:
05 «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар» сыныбында:
1 «Қосылған құн салығы» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 16 ерекшелікпен толықтырылсын:
«16 Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, жеке тұлғаларға электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде шетелдік компаниялардан түсетін қосылған құн салығы»;
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар», сыныбының 1 «Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» және 2 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің мұнай секторы ұйымдарына салатын айыппұлдары, өсімпұлдары, санкциялары, өндіріп алулары» кіші сыныбылардың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа