Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 193-НҚ бұйрығы

«Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 193-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10695 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарда:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы міндетті талаптар тауар биржаларының бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етілуіне, ақпараттық қауіпсіздікке (бұдан әрі - АҚ), жабдықтарды орналастыруға қойылатын талаптарды, сондай-ақ тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің тиімді және үздіксіз жұмыс істеуі мақсатында сақталуы қажет өзге ұйымдастырушылық-техникалық талаптарды қамтиды.»;

5-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) және 13-2) тармақшамен толықтырылсын:

«13-1) тауар биржасының ішкі құжаттарына сәйкес мұндай құқығы жоқ тұлғалардың ТБЭСЖ пайдалана отырып мәмілелер жасасу мүмкіндігін шектеу;

13-2) клирингтік ұйым клирингтік қызмет көрсетуді, оны салыстырып тексеруді және түзетуді жүзеге асыратын ТБЭСЖ мәмілелер бойынша ақпаратты автоматтандырылған жинау, өңдеу және сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.»;

6-тармақта:

1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) сауда-саттықтың ашылу уақыты;

2) сауда-саттықтың жабылу уақыты;»;

екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Уақытты тіркеу форматы - жыл, ай, күн, сағат, минут, секунд (минимум 0,001 секундқа дейінгі дәлдікпен).»;

мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2 және 9-3-тармақтармен толықтырылсын:

«9-1. ТБЭСЖ пайдаланушының жекелендірілген есептік жазбаларын пайдаланады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку