«Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 342 Қаулысы
«Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 342 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 487-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекет білім алу кезеңінде:
1) көп балалы отбасылардан шыққан балаларға;
2) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балаларға;
4) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларға;
5) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілеріне;
6) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің, жалпы оқыту білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек көрсететін, сондай-ақ қалпына келтіру емін жасайтын және медициналық оңалту ұйымдарында оқитын балаларға;
7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында білім беру гранты бойынша оқитын студенттерге;
Демо – версия документа