«Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2021 жылғы 28 шілдедегі № 443 бұйрығы
«Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2021 жылғы 28 шілдедегі № 443 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 20184 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген «Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсаттар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) Мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тартуды дайындайды (бұдан әрі - Дәлелді бас тарту). Өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Демо – версия документа