Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТ...

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 10 Қаулысы

 

Осы редакция 2023 жылғы 26 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 195 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8765 тіркелген, 2013 жылғы 31 қазанда «Заң газеті» газетінде № 163 (2364) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету» қаржылық есептілік стандартында:

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Сыйақы түріндегі кірісті немесе шығысты есептеу күнделікті негізде жүзеге асырылады.

Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын және әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері бойынша дисконттың немесе сыйлықақының амортизациясы күн сайынғы негізде жүзеге асырылады.

«Амортизацияланған құны бойынша бағаланатындар» санатында есепке алынатын қаржы активтерінің құнсыздану сомасы Бағалау қағидаларына сәйкес анықталады.»;

13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«13. «Әділ құны бойынша бағаланатындар» санатына жіктелген қаржы активтерін есепке алу әділ құн бойынша жүзеге асырылады. Әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтерін қайта бағалау Бағалау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Қордың қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ұсынылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку