(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЙБІР ЖАРЛЫҚТА...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2018 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет органдары мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 380-құжат):
аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
атауындағы «Қорғаныс министрлігінің», «Ішкі істер министрлігінің», «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің» деген сөздерден кейін «және оның ведомстволарының» деген сөздермен толықтырылсын;
атауынан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын Комитет төрағасы, оның орынбасарлары»;
«С-SV-1» санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Комитет төрағасы»;
«С-SV-2» санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Комитет төрағасының орынбасары»;
2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 234-құжат; № 33, 439-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; № 38, 420-құжат; № 39, 429-құжат):
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, С-6, С-О-6, С-R-5, D-5, Е-5, Е-R-5, Е-О-4 санаттары бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы төлеудің үш деңгейі белгіленеді.
Редакция документа
Демо – версия документа