(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИ...
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 878 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 5 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11528 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстар облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарында (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) есепке алынуға жатады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Емтихандар тапсыруға жіберу тәртібі»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Өтініш берушінің емтихан тапсыруға жіберуден бас тарту жағдайларымен келіспегені туралы түскен шағымын жергілікті атқарушы органның, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің қарау мерзімі ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Емтихандарды өткізу»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді беру тәртібі»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті беру мерзімі емтиханды сәтті тапсырған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа