«Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 1036 бұйрығы (күші жойылды)
«Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 1036 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген, Заң газетінде 2009 жылғы 8 желтоқсанда № 187 (1784) жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасында:
1-тарауда:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жоғары білімі бар медицина қызметкерлерінің мамандықтары»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, интервенциялық аритмология, интервенциялық кардиология) (ересектердің, балалардың)»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектердің, балалардың)»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Пульмонология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (ересектердің, балалардың)»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Нефрология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектердің, балалардың)»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Кәсіби патология»;
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Дерматовенерология (дерматокосметология) (ересектердің, балалардың)
15. Неврология (негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (ересектердің, балалардың)»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа