«Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 276 бұйрығы
«Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 276 бұйрығы
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабының 5) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10950 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу қағидаларында:
2-тармақтағы 4) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мұнай өнімдерін өндіруші - меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
6) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші - мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай берушілерден және (немесе) импорттаушылардан одан әрі өткізу мақсаттары үшін мұнай өнімдерін сатып алуды жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымының мониторингін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады және ол:
Демо – версия документа