«Қаржы ұйымдарының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептiлiктi ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 68 Қаулысы
«Қаржы ұйымдарының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептiлiктi ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 68 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілікті ұсыну тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қаржы ұйымдарының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептiлiктi ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13504 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдарының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептiлiктi ұсыну қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Электрондық форматта ұсынылған қаржылық есептілік қағаз тасымалдағыштағы қаржылық есептілікке сәйкес келуге тиіс. Электрондық форматта ұсынылған деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен бірдейлігін ұйымның бірінші басшысы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы тұлға) қамтамасыз етеді.
Демо – версия документа