«Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 3 қазандағы № 555 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 1, 2-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:
Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты берілетін адамдардың тізбесінде:
19-тармақ алып тасталсын;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол Бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.»;
24-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 31, 32, 33-тармақтармен толықтырылсын:
«31. Біріккен Ұлттар Ұйымының әскери байқаушылары және штаб офицерлері ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік операцияларына қатысушылар;
Демо – версия документа