2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама (Душанбе қ., 2015 жылғы 30 қазанда)
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың
шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
(Душанбе қ., 2015 жылғы 30 қазанда)
2018 жылғы 2 қаңтардан бастап уақытша қолданылады
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері төмендегілер туралы келісті:
Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне (бұдан әрі - Ереже) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Терминдер мен ұғымдар» деген 1-бөлiмде:
«тауардың шығу тегі туралы декларация» деген термин мынадай редакцияда жазылсын:
«тауардың шығу тегі туралы декларация» - тауарға қатысы бар және кедендік ресімдеу мақсаттары үшін мәлімделгенге қатысты тауарға бір мәнді сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін шот-фактурада немесе өзге коммерциялық құжатта тауардың шығарылған елі туралы экспорттаушы жасаған мәлімдеме. Декларацияның мәтіні осы Ереженің ажырамас бөлігі болып табылатын 5-қосымшада жазылған;».
2. Ереженің 5.3-тармағындағы «5.3-тармағында» деген сөздер «5.2-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын.*
3. Ереженің 6.7-тармағы алып тасталсын.
4. Ереже мынадай редакциядағы жаңа бөліммен толықтырылсын:
«9-1-бөлім. Тауардың шығарылған елі туралы мәліметтердің анықтығына тексеру жүргізу
Тауардың шығу тегі туралы құжаттың төлнұсқалығына немесе онда қамтылған мәліметтердің анықтығына, сондай-ақ тауарлардың шығарылған елін осы Ережеге сәйкес айқындау өлшемшартының орындалуына қатысты күмән туындаған жағдайда тауарды әкелуші мемлекеттің кеден органы әкетуші елдің уәкілетті немесе тексеруші (верификациялаушы) органына қарапайым іріктеп тексеруге байланысты сұрау салуды қоса алғанда, қосымша не нақтылаушы мәліметтерді хабарлау туралы дәлелді өтінішпен сұрау салу жолдай алады, оған жауап осындай сұрау салу кеден органында тіркелген күнінен бастап 3 ай ішінде берілуге тиіс.
Демо – версия документа