(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.16.04 № 356 ҚАУЛЫСЫ
Шекаралық белдеудің, карантиндік белдеудің және шекаралық аймақтың шектерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 356 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 120-бабына және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мынадай:
1) Мемлекеттік шекараға шектесіп жатқан:
Қытай Халық Республикасымен - ені екі мың метр;
Ресей Федерациясымен, Қырғыз Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен және Түрікменстанмен - ені жүз метр;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі тікелей Мемлекеттік шекараның бойында инженерлік құрылыстар мен бөгеуіштердің шебін жабдықтаған көрсетілген учаскелерде көрсетілген шептің шекарасына дейінгі шекаралық белдеудің;
2) ені елу метрге дейін, бірақ отыз метрден кем емес шекаралық белдеу шегіндегі карантиндік белдеудің;
3) мынадай:
Қытай Халық Республикасымен - шекаралық белдеуге тікелей шектесіп жатқан Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің (аудандары) аумақтары шегіндегі;
Редакция документа
Демо – версия документа