«Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 30 қазандағы № 172 бұйрығы
«Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 30 қазандағы № 172 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:
3-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-4. Сенімгерлік басқарушының есепті ұсыну, оның ішінде:
«Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептер беруінің қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 816 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33221 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен берілетін мемлекеттік меншікке байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есепті;
басқарудың аралық нәтижелері көрсетілетін жылдық есепті;
мемлекеттік мүлікті басқарудың нәтижелері жазылатын сенімгерлік басқару шартының барлық қолданылған кезеңіндегі есепті ұсыну тәртібі мен мерзімдері шартта белгіленеді.
Жылдық есепте мынадай ақпарат:
сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқару нәтижесінде алған кірістері туралы;
сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқару нәтижесінде шеккен шығыстары туралы;
сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқару шеңберінде қабылдаған іс-қимылдары туралы;
Демо – версия документа