«Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 364 Қаулысы (күші жойылды)
«Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 364 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 782 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 93-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ішкі көшіп- қонушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді және тіркеуден шығаруды, сондай-ақ уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алуды (тіркеуді) жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жақын туыстар - ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;
5) мекенжай анықтамасы - жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша тіркеуді және тіркеуден шығарылуын, сондай-ақ уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алынуын (тіркелуін) растайтын құжат;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) уақытша болатын (тұратын) жер - тұрғылықты жер болып табылмайтын және адам уақытша болатын (тұратын) мекенжайы бар ғимарат, үй-жай не тұрғынжай.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ішкі көшіп-қонушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алуды (тіркеуді) мыналар жүзеге асырады:
Документ утратил силу
Демо – версия документа