Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) (КҮШІ ЖОЙЫЛДЫ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.26.02 № 155 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласында көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Өнімнің транзитіне рұқсат беру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 11 ақпандағы № 130 және «Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 12 наурыздағы № 244 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 155 Қаулысы

 

Осы редакция 2015 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 Қаулысымен 1-тармақтың 5) және 7) тармақшаларын, 2, 3, 4-тармақтарын қоспағанда күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына, 9-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Тау-кен, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) «Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түсті және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку