Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 291 Қаулысы (күші жойылды)

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 291 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 704 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 531-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасында:

10-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жеке куәліктің, жоғары білім туралы дипломның; магистр дипломының және (немесе) ғылыми дәреже (ғылым кандидаты, ғылым докторы), философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломның және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру туралы аттестаттың (дипломның) нотариат растаған көшірмелері;»;

мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) жарияланған ғылыми мақалалар: тиісті ғылым саласында мақаланың жариялану сәтінде ақпараттық базаларда индекстелетін JCR-де (Journal Citation Report) нөлдік емес импакт-факторы немесе SJR-де (Scimago Journal Rank) нөлдік емес дәйексөз алыну индексі бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 (бір), сондай-ақ ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін (соңғы бес жылда) жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда 3 (үш) мақала.»;

11-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жеке тұлғаларға күнтізбелік он күннен аспайтын мерзім ішінде аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;»;

көрсетілген Қағидаға 1-қосымшада:

реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку