«Заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1456 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 601 бұйрығы
«Заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1456 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 601 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Заң консультанттарының ң кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1456 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17502 тіркелген, 2018 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартында:
1-тармақ мынадай редакциядағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Сақтандыру мүддесі - жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуі мүмкін оқиғаларды қоспағанда, сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) тәуекелдерді болғызбаудағы және сақтандыру жағдайының басталуына жол бермеудегі мүліктік мүддесі.»;
11-тармақмынадай редакцияда жазылсын:
«11. Кәсіптік қателіктер деп мыналар:
1) процестік мерзімдерді өткізіп алу;
2) құжаттарды дұрыс ресімдемеу;
Демо – версия документа