(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ К...
«Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 249 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының 100 % мөлшерiндегi акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
Редакция документа
Демо – версия документа