«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 432 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 432 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 86-2), 86-3), 86-4), 86-5), 86-6), 86-7), 86-8), 86-9), 86-10), 86-11), 86-12) және 86-13) тармақшалармен толықтырылсын:
«86-2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
86-3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайынғы негізде ақпарат беру;
86-4) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
86-5) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Демо – версия документа