«Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығына және «Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № 247-НҚ бұйрығы (күші жойылды)
«Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығына және «Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № 247-НҚ бұйрығы
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9665 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауардың шығу тегін растайтын құжаттар тізімінде:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сыртқы сауда келісімшартының (шарттың), шот-фактураның немесе шот-проформаның немесе тауардың қаржылық және (немесе) сандық параметрлерін көрсететін өзге құжаттың көшірмесі (жүк сол бір жүк жөнелтушіден екінші сол бір жүк алушыға баратын ұзақ мерзімді сыртқы сауда шарттарын/мәмілелерін жүзеге асыру кезінде, егер бұл бір жақты тәртіппен белгіленген (әкелу) елі (одағы) қолданыстағы (ратификацияланған) халықаралық келісімдердің/шарттардың және/немесе шығарған елді айқындау қағидаларының (шығарған елді айқындау өлшемшарттарының) талаптарына қайшы келмесе, шот-фактура немесе шот-проформа талап етілмейді).
Документ утратил силу
Демо – версия документа