«Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 19-1/615 бұйрығына 1-қосымша) (2017.22.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 8 шілдедегі
№ 19-1/615 бұйрығына
1-қосымша
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 286 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.22.08. № 347 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2017.22.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1 Мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес бекітілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.22.08. № 347 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Документ утратил силу
Демо – версия документа